$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қарағанды облысының тарихи- өлкетану мұражайы «Соғыс» тақырыбында көшпелі көрме өткізіп жатыр

08.05.2025ж. 20:00
95
Қарағанды облысының тарихи- өлкетану мұражайы «Соғыс» тақырыбында көшпелі көрме өткізіп жатыр

Қарағанды облысының тарихи- өлкетану мұражайы «Соғыс» тақырыбында көшпелі көрме өткізіп жатыр. Құнды экспонаттар қаланың бірнеше мектебін аралап шықты. Олар- соғыс жылдарындағы киімдер, қару- жарақтар ғана емес майданға қарамастан тоқтамаған өндірістер. Мысалы, қару- жарақ зауыты мен аяқ киім және кәмпит фабрикалары. Сол жылдары кеншілер  уақытша келген Астрахань тәттілер фабрикасы кейін атақты Қарағанды кәмпиттерінің пайда болуына жол ашқан. Қиын қыстау кезеңде де балаларды тәттіден айырмапты. Көрменің бұл мектепте өтуі де тегін емес. Сонау 35 жылдары ашылған білім мекемесінің оқушылары да майданға аттандырылған.

АИДА МҰСАҒҰЛОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ:

Біздің мектептің тарихы бірнеше он жылдықты қамтиды. Мысалы осы мектептің түлектері 1941,42 жылдары мектепті бітірісімен Отан үшін соғысқа аттанған. Көбі тіпті мектепті де аяқтап үлгермеген. Біз оларды мақтан тұтамыз.