$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады

08.05.2025ж. 20:00
76
Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады

Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады. Сенат Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісімді ратификациялады. Бой көтеретін станцияның қуаттылығы 1 гиговатт. Жоба Оңтүстік аймақтағы энергия тапшылығын жоюды көздейді. 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып, 1,4 миллиард доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

КПН, жер салығы бойынша инвестициялық заңнамаға сәйкес 8-10 жылға берілетін жеңілдіктер. Екіншіден, сметалық жоба дайын болғаннан кейін жерді аукционсыз беру. Үшіншісі, ол енді ірі инвестор болғандықтан, тікелей келісімшартпен үкіметаралық келісім бойынша тарифті бекіту. Беріліп отырған негізгі жеңілдіктер осы.