Астаналық жастар экологиялық мәдениетті дамытуға арналған фестиваль-көрмеде бас қосты. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылған шара табиғатты аялау, оған қамқорлық танытуды көздейді. Сондай-ақ жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Фестиваль қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – студенттердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін арттыруға жағдай жасау. Сондай-ақ жастарға кәсіптік бағдар беріп, экологиялық бастамаларды қолдау және жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру.
САЛТАНАТ БАСЫҒАРАЕВА, СЕРВИС ЖӘНЕ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Колледж оқытушылары мен студенттері жалпы колледжде оқытылып жатқан барлық 10 мамандық иелері өздерінің мамандық бойынша білімдерін мектеп оқушыларына мастер класс арқылы таныстырып жатыр.
Көрмеде экологиялық таза материалдардан жасалған гүл композициялары, шағын бақтар мен экожобалардың презентациялары, автокөлік бөлшектерінен жасалған бұйымдар көпшіліктің назарына ұсынылды. Фестиваль аясында екі ресурстық орталық ашылды.
САНИЯ ИРСАЛИЕВА, "ELITЕ" ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
"Elitе" полиграфиялық орталығы Алтын сапа байқауының лауреаты. Сондай-ақ ТМД елдері арасында үздіктер қатарында. Сондықтан біз өз біліміміз бен құрал-жабдықтарымыз арқылы полиграфиялық өнеркәсіпті жоғары деңгейге көтергіміз келеді. Ал ол үшін біз жастарды осы бағытта оқытуымыз қажет. көтеруді арқылы.
Студенттердің басын біріктірген шара әр мамандықты құрметтеуге үндеді. Фестиваль соңында барлық қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.