Қызылорда облысы Шиелі ауданында соғыс ардагер Имантай Алдабергенов атындағы көшеге көркейту, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Айнала қоқыстан тазартылып, жасыл желек егілді. Көше бойындағы бордюрлер әктелді. Оған «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйым мүшелері қатысты. Бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» шара негізінде ұйымдастырылды.
ЖІБЕК БАЙМҰРАТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Апта сайын қатысып жатыр, бұл шаралар жиі жиі өткізіліп тұрады. Және де бұл біздің балаларға да,жастанға да, болашақ ұрпаққа да айналамыздың тазалығына және эстетикалық талғамның қалыптасуына, көркейту-көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуіне ерекше әсер беріп келе жатыр.