$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Вьетнам компаниясы Қазақстанның қай әуежайын сатып алатыны белгілі болды

AstanaTV
08.05.2025ж. 18:13
72
Вьетнам компаниясы Қазақстанның қай әуежайын сатып алатыны белгілі болды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев вьетнамдық Sovico Group компаниясы қай әуежайды қарамағына алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистерге Вьетнамның Sovico Group компаниясы Қазақстан әуежайларының бірін сатып алуы мүмкін екенін айтқан еді. Өткен жылы дәл осы компания Qazaq Air әуе компаниясын сатып алды.

"Олар әуежайды сатып алып, оны басқаруға алуды қарастырып жатыр. Өйткені әуекомпанияға базалық әуежай қажет", – деді Жұманғарин.

Сенатта сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан Sovico Group қай әуежайды сатып алуға болатынын сұрады. Шенеуніктің айтуынша, мәселе – әуежайды сатып алуда емес, оны басқаруда.

"Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Вьетнам тарапы әуежайдың жұмысын жақсарту үшін біраз уақыт басқарады. Бірақ бұл –әуежайды сатып алу емес. Біз Қызылорда облысындағы әуежай туралы айтып отырмыз", – деді Бақаев.