Қазақстан 2025-2028 жылдар аралығында 20,6 миллион тонна алтын кенін өңдеп, 21 тонна Доре қорытпасын өндірмек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін үш жыл ішінде Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны асыру жоспарланған.
«QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы ақпараты бойынша аталмыш жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны ашылады.
«2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі», - деп хабарлайды дереккөз.