Алматы облысында теміржол бойында адамның жансыз денесінің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды El.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын объективті түрде тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу жүргізіліп жатыр, - деп пікір білдірді департаменттегілер.