$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Біраз уақыт Лондонда өмір сүрген Елдос Сметов астаналықтарға өтініш айтты

AstanaTV
08.05.2025ж. 19:54
98
Біраз уақыт Лондонда өмір сүрген Елдос Сметов астаналықтарға өтініш айтты

Астанаға келген Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елорда тұрғындары мен қонақтарын 9-11 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін Grand Slam турниріне келіп, спортшыларымызды қолдауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Сметовтің өзі бұл турнирге қатыспайды. Ол шараның құрметті қонағы болады.

«Баршаларыңызға қайырлы күн. Міне, елордамызға келіп қалдық. Ертең өтетін Grand Slam турнирінде спортшыларымызды қолдауға шақырамын. Біздің спортшыларымызға қолдау көрсетіңіздер! Ертең әнұранымыз көп рет шықалып, чемпиондарымыз көбейетін күн болсын! Баршаларыңызды осы шараға шақырамын. Мен осы турнирге қатысатын спортшыларды қолдау үшін Астанаға арнайы келдім», - деді Сметов.