$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Air Astana Үндістанға қатынайтын рейстер кестесін уақытша өзгертті

AstanaTV
09.05.2025ж. 07:38
95
Air Astana Үндістанға қатынайтын рейстер кестесін уақытша өзгертті

Air Astana әуекомпаниясы Үндістанға және Үндістаннан қатынайтын рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Бұл шешім өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы – Мумбай – Алматы бағыты бойынша KC 291/292 рейстері аптасына үш рет — сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ұша береді. Бұл рейстер Airbus A320 және A321LR ұшақтарымен балама, ұзағырақ бағыт арқылы орындалады.

Ал Алматы – Дели – Алматы бағытындағы KC 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстері 9–18 мамыр аралығында уақытша тоқтатылады.

Әуекомпания тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын толық қайтару немесе басқа күндерге тегін қайта броньдау мүмкіндігін ұсынуда.

Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарын және өзге жолаушыларды қайтару үшін Air Astana үш репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр.

Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Жолаушыларға барлық өзгерістер туралы уақытында хабарлаймыз. Қауіпсіздік – біздің басты басымдығымыз, – делінген компания хабарламасында.