Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) финалға шықты.
2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері араға үзіліс салып, татами төріне қайта оралған еді. Астанадағы турнирде ол жақсы қырын танытты. Нәтижесінде жартылай финалға дейін еш сүрінбестен жетті.
Жартылай финалдағы белдесуінде ол қытайлық Цзыян Сені 10:0 есебімен жеңді.
Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.