$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл 60 мың жер учаскесіне инфрақұрылым тартылады

AstanaTV
18.07.2017ж. 20:00
2878
Биыл 60 мың жер учаскесіне инфрақұрылым тартылады

Соңғы жарты жылда жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызды құраған. Бұл туралы Үкіметте өткен жарты жылдықты қорытындылау жиынында айтылды. Былтыр тап осы кезеңде бұл көрсеткіш 0,1 пайызды құрапты. Өсімге серпін берген салаларға тоқталсақ, өнеркәсіп - 7,8, құрылыс - 6,  ауыл шаруашылығы - 3,1%, көлік және қоймалау - 3,9%-ға, сауда - 2,4%-ға өскен.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Жыл басынан бері теңгенің нығаю әсерінен инфляцияның баяулағаны байқалып отыр. Маусымда инфляция 7,5% құрады. Қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы 1,9%-ға өсіп, 140,8 мың теңгеге жетті. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды.

Ал "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы жер үй салуға 60 мың учаскеге инфрақұрылым тартылады. Мұндай баспаналарға сұраныс әсіресе батыс облыстарда жоғары. Маңғыстау 15759, ал Ақтөбе 11732 учаскеге желі тартуды көздейді. Жалпы инфрақұрылымға биыл бюджеттен 45,5 млрд теңге бөлінген. 4 облыста бір типтес жер үйлер бой көтереді деп жоспарланып отыр. Министрдің есебінше, жыл басынан бері 47 мың баспана қолданысқа берілсе, оның 7 мыңнан астамы мемлекет қаражатына салынған.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Сбербанк, АТФ банк, БанкЦентрКредит, Тенгрибанк, Цеснабанк, Нурбанк, Евразийский банк кредит беру үшін құрылыс салушылардың 17 жобасын қарап жатыр, қарыздың сомасы 53,6 млрд теңге. Республиканың 6 өңірінде жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін халыққа жеңілдікпен ипотека беру басталды. Бүгінгі күні 7 Сбербанк, АТФбанк, БанкЦентрКредит, BankRBK, Тенгри банк, АО «ЖССБК», Цеснабанк бағдарламаға қатысуға дайын.