$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Елордада 10-20 мамыр аралығында Арқар көпірі уақытша жабылады

AstanaTV
09.05.2025ж. 18:35
91
Елордада 10-20 мамыр аралығында Арқар көпірі уақытша жабылады
Фото: ашық дереккөз

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірі (М1) бойынша деформациялық тігісті жөндеу бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Аikyn.kz.

Осыған байланысты 10-20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз",- делінген елорда әкімдігінің ақпаратында.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.