$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Аялдамада орын жоқ»: жолаушының видеосынан кейін бірнеше жүргізушіге айыппұл салынды

AstanaTV
10.05.2025ж. 06:15
271
«Аялдамада орын жоқ»: жолаушының видеосынан кейін бірнеше жүргізушіге айыппұл салынды
Фото: ru.freepik.com

Ақтауда жүргізушілер аялдамаға көлігін қойып, жолаушылардың автобусқа мініп-түсуіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция ереже бұзған жүргізушілер жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

«Ақтау қаласының 16 ш/а «Айтан» кафесінің қарсы бетіндегі аялдамаға көлігін қойып, автобус қозғалысына кедергі келтірген жүргізушілер жауапқа тартылды», - деп жазылған қалалық полицияның хабарламасында.

Инспекторлар азаматтардың жеке басын анықтап,оларға ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша хаттама толтырды.