$516.01 €582.47 ₽6.26
×

«Болжаңыздар»: Ерке Есмахан оқырманды ойландырып қойды

AstanaTV
10.05.2025ж. 10:21
69
«Болжаңыздар»: Ерке Есмахан оқырманды ойландырып қойды
Фото: instagram.com/ erke_esmahan

Үшінші сәбиін күтіп жүрген әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа сурет жариялады, – деп жазды Aikyn.kz

Ол Instagram парақшасында айы-күні жақындаған кездегі суреттерін бөлісіп, оқырмандарына болашақ сәбиіне қатысты сұрақ қойған.

«Май туса, гүлдер шешек атса, жазда. Ұл ма, қыз ба? Болжаңыздар ал», - деп жазды әнші.

Белсенді пікір жазған оқырмандарына сыйлығы бар екенін де атап өтті. 

Желіге жүктелген жаңа фотосуреттерде өнер иесі нәзік қызғылт түсті трикотаж көйлек пен жамылғы киген, ашық түсті сөмке ұстаған. Әншінің осы образына қарап, желі қолданушылары болашақ сәбиінің қыз екенін болжады.

«Не деген нәзіктік, құдды бір мұздатқышта сақталып жүргендей. Күннен-күнге жасарып жатыр, не дегенмен өмір тамаша ғой, сүре білген адамға. Ханшайым дүниеге келетін сияқты. Бірақ дым асықпайтын, жайбасар ерке қыз-ау, асыға күтеміз, бұйыртса», «Қыз деп ойлаймын. Аман-есен өмірге келсін», «Формасы қызға келіп тұр, қыз туасыз», - деп жазды желі қолданушылары.