$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қазақстанда өсімдік майын өндіру көлемі 24%-ға жуық артты

AstanaTV
10.05.2025ж. 18:42
70
Қазақстанда өсімдік майын өндіру көлемі 24%-ға жуық артты

Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі май саласы бойынша көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында өсімдік майын өндіру көлемі 23,4% өсіп, 239,6 мың тоннаға жетті. Оның ішінде күнбағыс майын өндіру де 23,1% артқан.

"2024 жылы майлы дақылдар егілген алқап көлемі 2,9 млн гектарға жетті. Көш бастаған өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Абай облыстары, сондай-ақ Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстары", – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы майлы дақылдардың өнімділігі де артқан. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 3,3 млн тонна майлы дақыл жинаған, бұл былтырмен салыстырғанда 53% көп.

Сонымен қатар отандық өсімдік майының экспорты да ұлғайды. 2024 жылы экспорт көлемі 29% артты. Негізгі импорттаушылар: Қытай – 42,4%, Өзбекстан – 35,4%, Тәжікстан – 12,7%, Ауғанстан – 3,2%, Қырғызстан – 1,4%, Латвия мен Түрікменстан – 1,8%. Ал керісінше, импорт көлемі 6,8% азайған.