$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Шымкентте кәріз шұңқырына түскен бала құтқарылды

AstanaTV
11.05.2025ж. 10:17
109
Шымкентте кәріз шұңқырына түскен бала құтқарылды

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Абай ауданында Хантәңір көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің маңында 2016 жылы туған бала доппен ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына түсіп, су өткізу құбырына аяғын қыстырып шығара алмай қалған.

"ТЖМ құтқарушылары баланың аяғын құбырдан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", - деп жазылған хабарламада.