$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға «Кедергісіз келешек» жобасы таныстырылды

AstanaTV
18.07.2017ж. 20:00
2577
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға «Кедергісіз келешек» жобасы таныстырылды

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға «Кедергісіз келешек» жобасы таныстырылды. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты - мүгедектерді мемлекет беретін мүмкіндіктерден тыс қалдырмау. Осы ретте партиялықтар қаладағы мүгедек жандардың үйін аралады. Қандай көмекке зәру екенін сұрап, базынасын тыңдады. Жыл басынан бері партияның қалалық филиалынан 100-ге жуық кемтар жан көмек сұраған. Олардың 70 пайызына жәрдем көрсетілді. Жұмыспен қамту әрі тегін медициналық көмек алу жолдары қарастырылды.

"Нұр Отанға" ризашылығын білдірген жанның бірі - Рита Мұстафина. Жұбайы мен 2 баласы  - 3-ші топтағы мүгедек.  Жалғыз өзі отбасын асырап отырған ана ұлдарын өмірлік мүгедектікке шығаруды армандайды.

Рита Мұстафина, Тараз қаласының тұрғыны:

Армандары көп ол балаларымның да. Қазір «Жамбыл политех» колледжін бітіріп, ешқандай мамандықпенен жұмыс істей алмай отыр. Қазір 18-ден кейін төленбей қалды қарап отырғаныма. Соны төлесе екен деймін.

Арын Асқарбеков, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

8 мүмкіндігі шектеулі азамат «Жамбыл Жылу» бастауыш партия ұйымы арқылы сол мекемеге жұмысқа орналастырылды. 7 азамат осы «Тараз Су» БПҰ бастамасымен «Тараз Су» мекемесіне жұмысқа орналастырылды. 53 БПҰ-ның 50-60 пайызымен біз осындай меморандум жасасып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын берсек пе деген мақсатымыз бар.