$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды

AstanaTV
11.05.2025ж. 11:01
174
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 19 команда Алматы облысы, Қонаев қаласының маңынан жорықты бастап, Алматы облысының аумағындағы Бақбақты ауылының маңынан аяқтады. 


 Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Ұлытау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қарағанды облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.