Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 8-турында елорданың «Астана» командасы өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Матч тағдыры бірінші таймда шешілді. Марокколық Ахмед Эль-Мессауди 8-минутта есеп ашса, одан кейін беларусь шабуылшысы Николай Сигневич дубльдің авторы атанды.
Алаң иелері екінші таймда бір доппен ғана жауап қайтара алды. Одан әріге шамалары жеткен жоқ. Қорытынды есеп 1:3. Бұл «Астананың» осы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Команда қазір премьер-лигада екінші орында келе жатыр. Бірақ «Тобыл» мен «Ақтөбе» Бабаян шәкірттерін озып кетуі мүмкін. Өйткені «Астана» Қостанай командасынан бір, «Ақтөбеден» екі ойын артық өткізген.
«Ақтөбе» бүгән өз алаңында Семейдің «Елімай» клубын қабылдайды.