$516.01 €582.47 ₽6.26
×

ҚПЛ: Әлібек Қасымның голы «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады

AstanaTV
11.05.2025ж. 21:28
202
ҚПЛ: Әлібек Қасымның голы «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады

 Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 8-турында «Ақтөбе» семейлік «Елімайды» жеңді.

Турнир кестесінде қатарлас келе жатқан командалар тартысты ойын өткізді. Жанкүйерлер аталған кездесуге ерекше қызуғышылық туғызды. Оған қоса семейлік клубтың бас бапкері Андрей Карпович 2022-2023 жылдарда ақтөбелік клубқа жетекшілік жасаған еді. 

Ойынның 55-минутында Әлібек Қасым соққан гол «Ақтөбе» командасына жеңіс алып келді.

Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 14 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.