$513.74 €569.17 ₽6.33
×

«Жалғызбасты анаға 2 млн теңге несие алдыртқан»: қайырымдылық қорының былығы әшкере болды

AstanaTV
12.05.2025ж. 00:26
221
«Жалғызбасты анаға 2 млн теңге несие алдыртқан»: қайырымдылық қорының былығы әшкере болды

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты тағы бір тың дерек пайда болды. Бұл туралы танымал журналист Руслан Өтепбай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Видеодағы аудионы Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке жіберген. Мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Ілияс анасының ауырып жатқанын айтып, өтініш емес, келіншекке талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады.

Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады.

Ең сорақасы Ақтоты келіншектің телефонын алып, басқа банктан тағы да 1 миллион теңге несие шығарып, дереу өзінің шотына аударып алады. Мұны Жансұлу тек келесі күні байқайды» , – дейді журналист.

Айта кетерлігі, «Елге көмек» қорының парақшасына шамамен 400 мың адам жазылған. Қор балалар мен қарттар үшін көмек жинау туралы жазбалар жариялап отырған. Алайда қордың ресми тіркеуден өткен-өтпегені белгісіз.