$516.01 €582.47 ₽6.26
×

“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстау облысы көш бастады

AstanaTV
12.05.2025ж. 09:14
131
“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстау облысы көш бастады
Фото: «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

11 мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 17 команда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты аулының маңынан жорықты жалғап, Балқаш ауданы, Аралтөбе ауылының маңынан аяқтады.


Екінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді.


Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.


Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Алматы облысының әкімдігі.