«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті. Елімізде алдағы күндері 40 градус ыстық болады, деп хабарлайды Astana TV.
Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райының орнауына себеп болады.
«Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында да +30…+35°С дейін аптап ыстық күтіледі. Алайда, баршаға бұл жазғы ауа райынан ләззат алу бұйырмайды: батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал», - делінген синоптиктер болжамында.