Оңтүстік Кореяда 3 маусымда президент сайлау өтеді. Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын ресми бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Yonhap-тың жазуынша, корейлер елге әскери жағдай енгізбек болып, саяси шиеленісті күшейткен бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің орнына жаңа көшбасшысын таңдайды.
Қазіргі күні саясаткер сайлауалды науқанына қызу кіріскен. Олар: Демократиялық партияның кандидаты Ли Джэ Мён, бұрынғы Еңбек министрі, «Халық күші» партиясынан Ким Мун Су, Жаңа Реформа партиясынан Ли Джун Сок.
Қоғамдық сауалнамаларының нәтижесіне сәйкес, әзірге Демократиялық партияның (ДП) кандидаты Ли Джэ Мённың алда келеді. Ли экономиканы жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға уәде беріп, сайлаушыларды өз жағына тартуға тырысып жатыр.
Ли өткен сайлаудағы жеңілісінен сабақ алып, осы жолы әлдеқайда мұқият дайындалғанын атап өтті. Ол Кёнгидо провинциясындағы Соннам және Хвасон қалаларына, Тэджон қаласына барып, инновациялық сала өкілдерімен кездесіп, технологиялар тақырыбында үгіт жүргізуді жоспарлап отыр.
Ким Мун Су өз науқанын Сеулдің оңтүстігіндегі Гарак базарынан бастады. Ол сол күні Тэджондағы ұлттық мемориалды зират пен оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласындағы дәстүрлі базарға баруды жоспарлады.
Журналистердің алдында сөйлеген Ким «базар президенті» болуға уәде беріп, экономиканы қайта жандандыруға және халықтың күнкөрісіне қатысты мәселелерді шешуге бел буғанын атап өтті.
Жексенбі күні жарияланған Realmeter зерттеу агенттігінің сауалнамасына сәйкес, Демократиялық партияның кандидаты Ли 52,1% қолдауға ие болған. Ал Ким Мун Су - 31,1% жинаған.