13 мамыр күні сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін Медеу және Бостандық аудандарында суық сумен жабдықтау уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
40 жылда алғаш рет бірнеше шағын ауданда су құбыры жаңартылған.
Аталған су желілері алғаш рет 1985 жылы арнайы жүріп өту арнасы арқылы салынған – бұл технологиямен жасалған қаладағы жалғыз учаске. Жаңғырту жұмыстарына дейін құбырлардың тозу деңгейі 80%-дан асқан болатын. 2024 жылы ұзындығы 4,369 шақырым, диаметрі 300 мм болатын учаске толығымен ауыстырылды. Барлық жұмыс қазусыз, жол қозғалысын шектемей жүргізілді, - деді "Алматы Су" МКК.
Су беру уақытша тоқтатылатын аймақтар:
- Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, Достық даңғылы және Жолдасбеков көшесінің шекарасында орналасқан аумақтар, соның ішінде Самал-1, Самал-2 және Самал-3 шағын аудандары;
- Бостандық ауданы – Померанцев көшесі, Ганди көшесі, Назарбаев және Әл-Фараби даңғылдарының арасындағы аймақтар.