Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректі жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең жоғары жалақы - 1 434 506 теңге, бұл қаржы қызметтері мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызметпен айналысатындарға берілген.
Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да қосымша қызмет саласында жұмыс істейтіндер 1 329 063 теңге алған.
Жылжымайтын мүлік сатумен айналысатындар бірінші тоқсанда 1 248 068 теңге тапқан.
Басқару мәселелері бойынша кеңес беретіндерге 1 176 893 теңге жалақы төленген.
Миллионнан жоғары жалақы мына салаларда да тіркелді:
Құбыр көлігімен тасымалдау қызметі (1 055 692 теңге),
Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру (1 045 041 теңге),
Теңіз және жағалау жүк тасымалы қызметі (1 042 752 теңге),
Әуе жолаушылар көлігі қызметі (1 032 605 теңге),
Су көлігі қызметі (1 026 145 теңге),
Әуе көлігі қызметі (1 022 311 теңге).