$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Мамырда Қазақстаннан 10 елге жаңа әуе рейстері ашылады

AstanaTV
12.05.2025ж. 19:14
70
Мамырда Қазақстаннан 10 елге жаңа әуе рейстері ашылады
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Көлік министрлігі бірнеше бағытта халықаралық әуе рейстері қатынайтыны туралы хабарлады.

- Биыл мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл мемлекеттердің қатарында Мажарстан, Германия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнам бар, - делінген хабарламада.

«SCAT» әуе компаниясы мамыр айында Шымкент қаласының әуежайынан төмендегідей жаңа әуе маршруттарды ашуды жоспарлап отыр:

27 мамырдан бастап:

Шымкент – Будапешт (Мажарстан), аптасына 2 рейс;

Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;

29 мамырдан бастап:

Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;

Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс.

Сондай-ақ «Air Astana» әуе компаниясы бірқатар жаңа халықаралық әуе қатынасын іске қосуды жоспарлап отыр:

14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;

27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;

28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;

31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзербайжан), аптасына 3 рейс.

«Fly Arystan» әуе компаниясы:

18 мамырдан бастап: Алматы – Құлжа (Қытай), аптасына 2 рейс;

28 мамырдан бастап: Астана-Газипаша (Түркия), аптасына 2 рейс.

- Өзбекстандық «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы биыл 5 мамырдан бастап аптасына 2 рейс «Алматы – Ташкент» (Өзбекстан) бағытын іске қосты. Сондай-ақ, 13 мамырдан бастап «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясы «Астана – Баку» (Әзербайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігін аптасына 3-тен 4 ретке ұлғайтуды жоспарлап отыр, - деп толықтырды ведомстводан.