Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жоспарын бөлісіп, келесі қарсыластарының есімдерін атады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 сәуірде 32 жастағы боксшы IBF рейтингіндегі жетінші нөмірлі франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсіріп, титулдарын сәтті қорғады. Алайда Әлімханұлы биыл тағы бір жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Жәнібек WBC чемпионы доминикалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) айқас өткізгісі келеді.
"Биыл мен Карлосты құлатып, үшінші белбеуімді аламын. Содан кейін Лараны зейнетке шығарамын. Ал келесі жылы мамырда Канеломен жұдырықтасып, екі салмақта да абсолют чемпион боламын!" - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.