$513.74 €569.17 ₽6.33
×

«Бюджеттің ақшасын суға сіңіріп отырмыз»,- депутат

12.05.2025ж. 20:00
75
«Бюджеттің ақшасын суға сіңіріп отырмыз»,- депутат

Бюджеттің ақшасын суға сіңіріп отырмыз. Осылай деген мәжілісмен Ерлан Саиров Үкімет сағатында Су және ирригация министрлігінің жұмысын сынға алды. Депутат елдің барлық өңірінде су тапшылығы айқын сезілетінін, сондай-ақ қолда бар тіршілік нәрін үнемдеу механизмі жасалмағанын алға тартты. Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданы суды Ресейден алып отыр. Оған ҚазСуШар жылына 5 млрд теңге төлейді.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Сол су келеді де Жалпақталдан өтіп, ары қарай құмға сіңіп кетеді. Сонда біз жылына бюджеттің 5 млрд теңгесін құмға сіңдіріп отырмыз. Жалпақталда су қоймасын салу жобасы он жыл бұрын басталған, бірақ әлі аяқталған жоқ.


Министр Нұржан Нұржігітов «су құмға сіңгенімен, оның өзіндік экологиялық әсері болады» деп ақталды. Ол көп ұзамай өңірде Ресейден сатып алынған суды жинайтын екі су қоймасы салынатынын атап өтті. Дегенмен бұл - мәселенің шешімі емес.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Екі су қоймасының құрылысы облыстағы су тапшылығы мәселесін шешпейді. Өйткені олардың сыйымдылығы 50-60 млн текше метр ғана. Ал Ресейден сатып алынатын су – 350 млн м3. Су құмға сіңгенімен, өзіміздің жерімізге кетіп жатыр, экологиялық әсерін береді.