Дәл осы экожүйені жақсарту Павлодар облысында жақсы жолға қойылған. Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылғы жоспармен салыстырғанда едәуір көп. Қазір Шідерті өзенінің жайылымына да су жіберіліп жатыр. Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн. текше метрден астам су босату жоспарланған. Сондай-ақ, Екібастұз мен Ақтоғай ауданындағы флора мен фаунаны сақтауға жалпы көлемі 120 млн. текше метр су жіберілді. Екібастұздағы 9 мың гектардан астам алқап суға толып тұр. Ал Шығанақ көліне 10 млн. текше метр су келді. Табиғатты қорғау мақсатында жіберілген су тек қоршаған ортаны ғана емес, өңірдің табиғи байлығын сақтап қалуға да көмектесетін болады. Бұл егін және мал шаруашылығына септігін тигізбек.
САҒЫН ТӨЛЕУТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жалпы Ертіс жайылмасы үлкен күрделі эко жүйе. Осы эко жүйенің тұрақты жылдан жылға дамуы су жіберу мөлшеріне байланысты. Қаншалықты көп су жіберсек, соншалықты біздің экожүйеміз қалыпты, тұрақты жұмыс атқарады.