$513.74 €569.17 ₽6.33
×

«Жаңа салық кодексінде мүгедектігі бар азаматтардың құқығы қорғалған»,- депутат

12.05.2025ж. 20:00
84
«Жаңа салық кодексінде мүгедектігі бар азаматтардың құқығы қорғалған»,- депутат

Жаңа салық кодексінде мүгедектігі бар азаматтардың құқығы қорғалған. Депутат Ерлан Абдиев осылай деді. Қабылданған нормаларға сәйкес, енді мүгедектігі бар жұмысшылар саны 51 пайыздан асса, кез-келген заңды тұлға салықтық жеңілдіктерге ие болады. Сондай-ақ еңбекақы төлеу қоры да 51 пайыздан жоғары болуы тиіс. Осы екі негізгі талап орындалса, заңды тұлға корпоративті табыс салығынан босатылады.

ЕРЛАН ӘБДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 

Біздің мақсатымыз – мүгедектігі бар адамдарды көбірек жұмысқа алса екен дейміз. Өйткені статистикаға қарайтын болсақ, республика бойынша бізде жұмыссыздық деңгейі 5 процент деп айтамыз. Ал енді соған үңіліп қарайтын болсақ, оның көбі мүгедектігі бар адамдар. Налог кодексі арқылы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алуды ынталандыру үшін жақсы нормаларды бердік.