$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Атырауда L-410 көп мақсатты ұшағы пайдалануға берілді

12.05.2025ж. 20:00
62
Атырауда L-410 көп мақсатты ұшағы пайдалануға берілді

Атырауда L-410  көп мақсатты ұшағы пайдалануға берілді. Бұл - әуе паркін жаңарту аясында Төтенше жағдайлар министрлігі үшін алынған екі үшақтың бірі. Әуе көлігі  19 жолаушыны немесе 1800 келіге дейін жүкті көтереді. Тіпті дайын емес алаңдарда қонуға қабілетті. Және -50-ден +50 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейді. Санитарлық авиацияға бейімделгендіктен бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембелдер мен жүйелер орнатылған. Сондай-ақ аймақта  27 жаңа  техника пайдалануға беріліп, 4  өрт сөндіру депосы ашылды. Бұл тек қала маңы ғана емес,  шалғай ауылдардың  қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Осыдан бір жарым ай бұрын  Чехияның “Omnipol” компаниясынан дәл осындай ұшақты  Астанада қабылдадық. Бұл -  миниситрліктің авиациялық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.   Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Төтенше  жағдайлар министрлігі  азаматтық қорғау жүйесін жан-жақты дамыту  жолындағы нақты  және жүйелі жұмыс жасауда.