$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Астаналық дәрігерлер 3 айлық cәбидің миындағы ісікті алып тастады

12.05.2025ж. 20:00
50
Астаналық дәрігерлер 3 айлық cәбидің миындағы ісікті алып тастады

Астаналық дәрігерлер 3 айлық cәбидің миындағы ісікті алып тастады. Ұлттық нейрохирургия орталығында жасалған күрделі оперция сәтті өтті. Анасының айтуынша, қызының  екі айында мазасыздық пайда болған. Терісі көгеріп, жиі құсып, ана сүтін ембеген. Тексеру нәтижесінде мидың фунционалды маңызды аймақтарында орналасқан 5 сантиметрдей ақау анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, операция кезінде қан жоғалту қаупі жоғары болған. Себебі, ісік мидың жартысына жуығына жайылған.

ҒАБИТ ӨЛЕНБАЙ, «ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРОФЕССОРЫ, НЕЙРОХИРУРГ:

 

Сәбиде ісік туа бітті болған. Ісікті алып тастауды біз микрохирургиялык әдіспен жасадық. Қазір нәресте операциядан кейінгі емдеуден өтіп жатыр жане өзін жақсы сезінеді.   Бала біздің жіті бақылауымызда.