Өз ата-бабаларының күлімдіген жүзін көрді. Жасанды интеллект соғыс ардагерлерін тірілтіп, ұрпақтарының көзін жасқа толтырды. Астанада Ұлы Жеңіс күнінде ерекше концерт өтті. Қаладағы барлық өнер ордаларының әртістері ән шырқап, сахналық қойылым ұсынды. Соғыс кезіндегі халқымыздың ерлігін сипаттайтын деректі фильмдерді көрсету үшін ашық аспан астында кинотеатр құрылды. Ең бастысы, сұрапыл соғыста қан төккен майдангерлердің суреті жасанды интеллект арқылы тірілтіп, көпшілікті бір елжіретті.
БОТАГӨЗ ТАЛҒАТҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Ардагерлердің жеке мұрағаттарынан соғыс жылдары жазылған хаттар, фотосуреттер көрсетілді. Жас буын өкілдеріне арналған сурет салу аймақтары бар. LED-экрандарға назар салып қарасаңыздар, ол жерде видеоларды көруге болады. Ал сахнада отандық әншілер өнер көрсетіп жатыр.