$513.74 €569.17 ₽6.33
×

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды

AstanaTV
12.05.2025ж. 20:00
73
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды
Халықаралық Ұлы дала жорығы марафон бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. 300 шақырым қашықтықты еңсерген шабандоздар Жамбыл ауданына жетті. Ветеринарлық тексерістен өте алмаған 55 сәйгүлік жарысты ерте аяқтады.  Жеңістің 80 жылдығына арналған дүбірлі доданы өткізуге «AMANAT» партиясы мен Алматы облысының әкімдігі мұрындық болуда. Бәсекенің басы-қасында жүрген әріптесіміз Жомарт Түзелбай толығырақ баяндайды.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

300 шақырымды еңсерген шабандоздар Ақындар мен батырлар еліне табан тіреді. Бұл жарыста жылдамдық емес рухтылық пен төзімділік қана алға сүйреп тұр. Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша Қырғызстан елінен келген команда көш бастап тұрған еді. Осы кезге дейін 7 топ жарысты жарты жолдан аяқтады. Дәл қазір үшінші кезең мәресіне жетуде. Бұл жолы ??? бірінші болып жетті.

ЖЫЛБЕК БӘШЕКҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, АҚЫН:


Қаншама елден, қаншама мемлекеттен тұлпарлар, сәйгүліктер келіп, шабандоздар келіп, үлкен өнерлерін көрсетіп жатыр. Құшағы кең, меймандос қазақ деген елміз. Сондықтан әрқашанда төріміз де, өріміз де жан-жақтан келген қандай шабандоз мықты-мықты жігітерді қарсы алып, күтіп алып, және де жолына салып шығарып салудың дәстүрін осы жерде көрсетіп отыр.

Жарысты сырттай бақылап, жанашырлықпен қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлер де бар. Солардың бірі - зейнеткер Раббим Борашев. 64 жасты алқымдаса да, жарысты велосипедпен жүріп тамашалауда.

РАББИМ БОРАШЕВ, ЖАНКҮЙЕР:


Жылқымен бірге жүріп отырам. Біріншіден бұл мені шыңдады. Жылқы сияқты мен де сол басқа, басқа да маршруттарға шығам ғой мен. Сол кезде дәл осыны қайталап отырам. Түске дейін 50, түс қайта 50 жүріп өндіріп отырам. Ең ерекшелігі мынада болып тұр. Ең бірінші жорықта орташа есеппен 12 км сағат жылдамдықпен жүріп отырды. Ал соңғы міне жарыста 18 км-ге дейін көтерілді.

Шет елден келген командалар үшін бұл жорық ерекше сынақ болды. Түрлі климаттық белдеуден шыққан тұлпарлар аптап ыстық пен құрғақ ауаның ауырлығын сезінді.

АДЕЛИЯ УСМАНОВА, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАБАНДОЗЫ:

Біз үшін бірінші күн ең ауыр болды. Жарысты жалғастыра алмаған себебіміз біз физикалық тұрғыдан ғана емес, моральдік жағынан да шаршадық. Біз өз қаламыздан жолға шыққанда ауа райы жаңбырлы салқын еді. Ал сіздерге келгенде күн төбемізден түсіп ыстық болды. Дем алу да қиынға соқты. Сол себепті 250-ге жуық шақырымды өткеннен кейін жарысты өкінішке орай тоқтаттық. Қалған командаларға сәттілік!

Жорық барысында қазақ халқының меймандостығы да айқын көрініс табуда. Әрбір ауыл, әрбір аудан сырттан келген шабандоздарды қуанышпен қарсы алып, ас-суын ұсынып, ұлттық салт-дәстүрімізді паш етуде. Ал Шабандоздарды әлі алда 200 шақырымдық жол күтуде.