$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Барселона Испания чемпионы атануға жақын

12.05.2025ж. 20:00
73
Барселона Испания чемпионы атануға жақын

Испания чемпионы белгілі бола бастады. Барселона мен Реал Мадрид осы маусымдағы соңғы, әрі маңызды кездесуді өткізді. Матчта 7 голға куә болдық, тіпті камбэк тіркелді. Спорттағы жаңалықтармен әріптесім Айбек Салдатбек таныстырады. Ал мен сіздермен қоштасам, аман-сау болыңыздар!

Барселона мен Реал жанкүйерлеріның таласы аяқталды. Бірі қуаныды, екіншісі күйінді. Корольдық клуб Испания чемпионы атанатын керемет, бәлкім соңғы мүмкіндікті жоғалтып алды. Барселона осы маусымдағы Эль-Классикода төртінші мәрте айласын асырып, Ла Лига кубогын көтеруге жақын. Ойын басында 2 де 0 есебімен Мадирдтік Реал алда болғанымен Католониялықтар тағы да камбэк жасады. Осылайша 7 ұпай айырмашылығымен көш басына шықты. Енді екі команда да 3 кездесу өткізеді.

Ал норвегиялық жанкүйерлер футболшыларға ұйқы бермей қойды. Еуропа лигасының жартылай финалында ағылшындық Тоттенхэм норвегиялық Буде-Глимтке қонаққа барды. Алайда ешкім жылы қарсы алған жоқ. Ойынның алдында норвегиялық жанкүйерлер Тоттенхэм футболшылары орналасқан қонақ үйде түнімен шу шығарды. Отшашудан шоу жасады. Жағдайға полиция да кедергі бола алмады. Қонақтардың ұйқысы қанбағанға ұқсамайды, жалпы 1 де 5 деген есеппен сенімді түрде финалға шықты.

Мен әзірлеген ақпарат легі осындай. Жақсылықта жүздескенше есен-сау болыңыздар!