$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Халықтар достығының символына айналған «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны өтуде

AstanaTV
12.05.2025ж. 20:00
75
Халықтар достығының символына айналған «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны өтуде

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны өтуде. Тұлпарлар дүбірі 14 мамырға дейін жалғасады. «AMANAT» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған бес күндік ат жарысында Қазақстанның 13 өңірінен, сондай-ақ Ресей, ОАР, Мажарстан, Иран және Қырғызстаннан келген қатысушылар бас қосты. Марафон бағыты Қазақстанның көрікті де тарихи маңызы бар аумақтары — Алматы облысының Балқаш, Жамбыл және Іле аудандары арқылы өтеді. Шабандоздар Алматы – Өскемен тас жолының бойындағы Бақанас көпірінен бастау алып, Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағынауданында мәреге жетеді. Шетелдік қонақтар үшін этноауылдар, фотоаймақтар және интерактивті алаңдар ұйымдастырылған. Осылайша, «Ұлы дала жорығы» жай ғана жарыс емес, халықтар арасындағы мәдени алмасу мен достықтың алаңына айналып отыр.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Түбіміз - түркі, түлігіміз - жылқы, - деп өткен біз үшін жылқы мен қазақ, қазақ пен жылқы - егіз ұғым. Осынау әлемге біздің жылқыны, біздің қазақтың қазанатын танымал еткен осы жоба 2022 жылы Мемлекет басшысының қолдауымен Астанадан Түркістанға жол жүрген болатын. Енді 5 күнге созылатын 5000 шақырымда азаматтарымызға да, оларды алып жүретін арғымақтарға да амандық-саулық тілейміз.