$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Қазақстанда әрбір он бірінші қыз интернетте танысқан бейтаныс адаммен кездесуге барған

AstanaTV
12.05.2025ж. 21:09
117
Қазақстанда әрбір он бірінші қыз интернетте танысқан бейтаныс адаммен кездесуге барған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

ҚР ОАМ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігіне қатысты зерттеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, әрбір он бірінші қыз интернет кеңістігінде танысып, бейтаныс адамдармен кездесуге барған.

1200 бала зерттелді. Әрбір оныншы бала ол туралы ақпарат сұраған белгісіз адамдарға өз суретін жіберген. Әрбір он бірінші қыз интернет кеңістігінде танысып, бейтаныс адамдармен кездесуге барған. Балалардың 3%-ы белгісіз біреулермен араласқан. Яғни ата-аналар, тәрбиешілер балалармен жақын байланыста болы, сенімді қарым-қатынас орнатуы керек. Отбасының бұл жағдайдағы құндылығы мен маңыздылығы біз үшін басым мәнге ие, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар ата-аналар мен оқушыларға көмектесу үшін еліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталықтары құрылды, онда былтыр 600 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Сондай-ақ 111 колл-орталығы жұмыс істейді, барлық білім беру ұйымында QR-кодтар бар. 2025 жылдың төрт айында балалардан 74 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл ретте 300-ге жуық қоңырау отбасындағы, көшедегі зорлық-зомбылыққа қатысты болған.