$513.74 €569.17 ₽6.33
×

«Күйеуіме өзім қыз іздедім...»: әнші Майра Ілиясова неге жолдасына басқа әйел алып бергенін айтты

AstanaTV
13.05.2025ж. 09:15
72
«Күйеуіме өзім қыз іздедім...»: әнші Майра Ілиясова неге жолдасына басқа әйел алып бергенін айтты
Фото: видеодан кадр
Халық әртісі Майра Ілиясова Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, - деп жазды Aikyn.kz.

Әнші күйеуімен не үшін ажырасқанын түсіндірді. 

«Бұрынғы күйеуіме өзім қыз іздедім. Әпкемнің қызына: «Сенің құрбыларың бар ма?» деп жайлап сұрадым. «Екі құрбым бар» деді. Сол құрбының бірімен бұрынғы күйеуімді таныстырдық. Бастапқыда екі жыл көнбей қойды. Мен оған «Мен өнерден кете алмаймын. Саған қасыңда отыратын, тамағыңды жасап, кіріңді жуатын, ұл тауып беретін әйел керек» дедім. Уақыт өте ол қызбен отбасын құрды. Қазір 13 жаста ұлы бар, екеуі бақытты өмір сүріп жатыр. Біз екі бөлек отбасы болсақ та, қарым-қатынасымыз жақсы, жиі араласамыз. Қызымыз ата-анасының ажырасқанын мүлде байқамады. Ештеңе жоғалтқан жоқпыз. Кейбіреулер «Майра апай күйеуіне қыз тауып беріп, әйел алып беріпті», деп таңғалып жатады. Тіпті «Күйеулерімізді бұзатын болды» деп ойлайтындар да бар шығар. Бірақ мен бәрін қызымның болашағы үшін жасадым, - дейді ол.