ҮШІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ
12-мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 12 команда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Аралтөбе ауылының маңынан жорықты жалғап, Жамбыл ауданы, Қаншеңгел ауылының маңынан аяқтады.
Үшінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікті түйіндеді.
300км қорытындысы
№ Команда атауы
Жалпы уақыт
1 Маңғыстау облысы
18:25:35
2 Ұлытау облысы
18:40:21
3 Қырғызстанның бірінші командасы
19:13:24
4 Алматы облысы
19:13:48
5 ШҚО
19:16:00
6 Астана қаласы
19:25:11
7 Атырау облысы
22:41:21
8 Қырғызстанның екінші командасы
23:34:09
9 Қостанай облысы
23:51:39
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.
Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Алматы облысының әкімдігі
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Alageum Electric» компаниясы
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Алматы облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.