$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Сырттай 9 жылға сотталған Талғат Ардан Түркияда қолға түсті

AstanaTV
13.05.2025ж. 10:52
75
Сырттай 9 жылға сотталған Талғат Ардан Түркияда қолға түсті

2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталья қаласында ұстады. Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда», - деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.