$513.74 €569.17 ₽6.33
×

17 жастағы колледж студенті анасын қорғаймын деп өгей әкесін өлтіріп алған

AstanaTV
13.05.2025ж. 11:38
120
17 жастағы колледж студенті анасын қорғаймын деп өгей әкесін өлтіріп алған

Кемерово қаласында колледждің 17 жастағы студенті өгей әкесін пышақтап өлтірді. Оқиға Нахимов көшесіндегі пәтерде болған. Оқиға кезінде үйде анасы, студент және оның 8 жастағы інісі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кешкі уақытта Виталий есімді ер адам өзінің азаматтық некедегі жұбайы Иринамен жанжалдаса бастаған. Жанжал балалардың көз алдында өрбіген. Сол сәтте 17 жастағы бозбала анасын қорғау мақсатында пышақ алып, өгей әкесін екі рет ішінен жарақаттаған. Алған жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, соңғы айларда Виталийге қатысты полицияға бірнеше рет шағым түскен. Ол азаматтық әйелін үнемі соққыға жығып, тіпті оны өлтіремін деп қорқытқан. Анасына жасалған жүйелі зорлық-зомбылыққа төзбеген жасөспірім осындай әрекетке барған көрінеді.

Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың әрекетіне құқықтық баға берілмек. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері де тергеліп жатыр.