$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Ішімдікке мас бойжеткен темір істікке жаншылып, көз жұмды

AstanaTV
13.05.2025ж. 12:37
103
Ішімдікке мас бойжеткен темір істікке жаншылып, көз жұмды

Ресейдің Пермь қаласында бардың жанынан темір істікке жаншылып, көз жұмған бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні таңертең Пермь қаласының Закамск шағын ауданында болған. Таңғы сағат төрт шамасында өтіп бара жатқандар сыра барының кіреберісіндегі қоршауда істікке жаншылып тұрған жас қыздың денесін тауып алған.

Марқұм Нытвинский округының Мокино ауылының тұрғыны 18 жастағы Надежда Вожакова болып шықты. Жақында ол Пермьге көшіп, жұмыс тауып, ағасымен бірге Закамск шағын ауданында тұрды.

Оқиға болған түнде бойжеткен құрбысымен бірге барға көңіл көтеруге барған. Құрбысының айтуынша Надежда аяқастынан жоқ болып кеткен. Арада бірнеше сағат өткенде марқұмның мәйіті қоршаудың темір істігіне жаншылып тұрған күйі табылған.