$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Ақтауда ер адам сатушы әйелдің жағынан ұрып, дүкеннен қашып кетті

AstanaTV
13.05.2025ж. 16:37
67
Ақтауда ер адам сатушы әйелдің жағынан ұрып, дүкеннен қашып кетті

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының 27-шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінің бейнебақылау камерасына түскен бейнежазба тарап кетті. Видеода ер адам кассада отырған әйел адамға шабуыл жасағанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрда ер адамның әйел кассирге шабуыл жасап, оның оң құлағынан жұдырықпен ұрғаны көрінеді. Соққы жасағаннан кейін ол дүкеннен тез шығып, қашып кеткен.

Оқиғаға қатысты желі қолданушылары ашулы пікір қалдырды.

«Мұндайға жол беруге болмайды!», «Мына агрессорды тауып, жазалаңдар!», «Дүкенде ер адамдар болып, тоқтата алмағаны өкінішті», «Оны ұстап, тезірек қамауға алады деп үміттенемін», — деп жазады ашулы қала тұрғындары.