$510.06 €566.32 ₽6.32
×

СҚО-да ер адам ерлі-зайыптыларды өлтіріп, денелерін өртеуге тырысқан

13.05.2025ж. 20:00
56
СҚО-да ер адам ерлі-зайыптыларды өлтіріп, денелерін өртеуге тырысқан

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ерлі-зайыптыларды өлтіріп, денелерін өртеуге тырысқан. Оқиға Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында болды. 37 жастағы тұрғын көршілерімен бірге ішімдік ішіп, кейін олармен жанжалдасып қалған. Ізінше 51 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы әйелін ұрып өлтіріп, мәйіттерінен құтылу үшін үйді өртеген. Төтенше жағдай мамандары отты ауыздықтап болған соң, баспананың ішінен қос мәйтті тапты. Ал полицейлер тез арада тергеу жұмыстарын жүргізіп, қандықол көршінің ізіне түсті. Қазір тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, істі бүге-шүгесіне дейін зерттеп жатыр.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

 
Екі адамды өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Жамбыл ауданының полицейлері Пресновка селосының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Қызылжар ауданы уақытша ұстау изоляторына қамалды.