$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13.05.2025ж. 20:00
61
Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Түркияда ұсталды. Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Талғат Ардан қазір қамауда. Оны елге қайтару бойынша құқықтық рәсімдер басталды. Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының соты экс-басшыны лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ол мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.