Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялаған ауыл әкіміне қатысты сот отырысы басталды. Мемлекеттік қызметкер гүлді жұлған кәмелетке толмаған балаларына тиісінше тәрбие бермегені үшін жауапқа тартылмақ. 34 жастағы ауыл әкімі 18 жылдан бері мемлекеттік қызметте істейді. Құдайберген Жұбанов атындағы ауылға былтыр ақпан айында әкім болып сайланған. Айтуынша, гүлді оған алты және сегіз жастағы қыздары сыйлаған көрінеді. Балаларының көңілін қалдырмай қабыл алған.
АЙЫПТАЛУШЫ:
Фотосуреттегі гүлдердің ерекше қорғалатын немесе қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түріне жататыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Балаларым алты және сегіз жаста олардың әрекеті жас ерекшеліктеріне сәйкес балалық қызығушылық құқықбұзушылық жасау ниетте болған жоқ. Менің тарапымнан кәмелетке толмаған балаларды тәрбелеу міндеттерін орындамау фактісі болған жоқ.
АРТУР ҚАҢТАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАС МАМАНЫ:
Бұған мен ол суретке мынадай тюльпан, анадай тюльпан деп айта алмаймын. Суретке қарап айту қиын. Біздің аймақ бойынша біздерде тюльпан кауфман, тюльпан шренка сосын тағы бір түрі бар. Үш түрлі тюльпан өседі.