$510.06 €566.32 ₽6.32
×

"Егін егу жұмыстарын мерзімнен ертерек жүргізуді ұсынамыз", - министр

13.05.2025ж. 20:00
60
"Егін егу жұмыстарын мерзімнен ертерек жүргізуді ұсынамыз", - министр

Биыл 11 өңір құрғақшылықтың зардабын тартуы мүмкін. Себебі, сәуір айындағы аптап ыстық егіс алқаптарындағы ылғал қорын буландырып жіберді. Еліміздің бас экологы егін егу жұмыстарын ертерек бастауды ұсынды. Өйткені мамыр ыстық болғанымен астық егетін өңірлерде, тау бөктері мен оңтүстікте жауын-шашын жиі жаууы ықтимал.  

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
 

Тамыз, қыркүйек айлары егіннің пісуі мен оны жинау жұмыстарына қолайлы болады деп күтілуде. Мол және ұзаққа созылатын жауын-шашын күтілмейді, елдің басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.


Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен Солтүстік Еуразиялық климаттық орталығы да мамыр мен шілде айларында гидрологиялық құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары екенін айтты.  Бұл жағдай аграрлық секторда, әсіресе Жайық және Сырдария өзендері бассейндерінде күрделі мәселе тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ауа райының қалыптан тыс ыстық болуына байланысты биыл вегетациялық кезең жылдағыдан 20 күнге ерте басталды.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Бұл фактор оңтүстік өңірлердегі су шаруашылығы жағдайына айтарлықтай әсер етті. Топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғалдың аз болуына байланысты егістіктердің вегетацияның бастапқы кезеңіндегі суға қажеттілігі орта есеппен 50 пайызға артты. Бұл суармалы көздерге қосымша жүктеме түсіріп, алдағы айларда су тапшылығы қаупін күшейтіп отыр.