$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Алматы облысы Сақтан ауылы тұрғындарының электр энергиясына 1 миллион теңгеден аса берешегі бар

AstanaTV
13.05.2025ж. 20:00
175
Алматы облысы Сақтан ауылы тұрғындарының электр энергиясына 1 миллион теңгеден аса берешегі бар

Алматы облысы Сақтан ауылы тұрғындарының электр энергиясына  1 миллион теңгеден аса берешегі бар. Халық коммуналды қызмет ақысын арнайы тағайындалған делдалға беріп келген. Бірақ қаржы жарық компаниясына толық жетпепті. Бәрін уақытылы төлеген 50 шаңырақ енді тоқтан ажырайды.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

«Сақтан» ауылының тұрғындары ақпан айында делдалдың қолына 365 мың теңге тапсырған. Бірақ ол кәсіпорынға жарықтың ақысы үшін тек 137 мың теңге төлепті. Аударылған сомманың қалғаны қайда? - деген халықтың сұрағы әлі жауапсыз қалып отыр.


Бұл делдалдың ақпан айында ғана жасаған былығы емес, тұрғындар оның  әрекетінен былтыр қараша айынан бері хабардар. Елдің сеніміне ие болған азаматша жеке кәсіпкерліктен бастап, электр энергиясының ақшасын жинауға кірісіпті. Бір жыл ішінде 3 миллион 600 мың теңге соның есепшотына түскен. Бірақ оның  2 жарым миллионы ғана ресми компанияға жөнелтіліпті. Ауыл тұрғындары: «Қалған 1 миллион 255 мың теңгені делдал қалтасына басты»-деп, күдіктеніп отыр.  

АЙГЕРІМ НҰРДАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біз РУВД-ға мәжбүр болдық заявление жазуға. РУВД үш рет қабылдамай қойды. Прокуратура арқылы барып едік, прокуратура арқылы алды заявлениемізді. РУВД алмаған себебі аудиторский компания нанимать етсін дейді. Экономический расследование ашу үшін 189 бап бойынша. Аудиторский компанияға барсақ, 1 млн теңге деп сұрап отыр 50 үйден. Ондай қаражат жоқ халықта.


НАФИСАТ МОЛДАБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бірінші рет бізге ноябрь айында Энергосбыттағы бір қыз хабарласып, 800 мың деді ма, сол кезде 800 мың қарыз бар деді. Біз сол кезде өзіне барып сөйлестік не қарыз екенін білуге тырыстық. Ол кісі ондай қарыз мүмкін емес деп отрицать етті.


Тұрғындар қарызға кіргеніне ғана емес, жауапты өкілдің төлемді растайтын түбіртекті көрсетпей, сылтауратып жүргеніне ызалы. Мәселенің жай-жапсарын анықтау үшін халықтың сеніміне серкеу түсірген делдалға хабарласып көрдік. Айтуынша, ол әрбір төлем бойынша түбіртек жіберіп, жұртқа есеп беріпті. «Қарыздың қайдан шыққанын білмеймін»-деп ағынан жарылды жауапты азаматша. Дегенмен, ол берешекті өтеуден қашпайтынын, тек нақты соманы анықтау қажет екенін жеткізді. Ал, жергілікті билік өкілдері қарыз өтелген соң жарық желісі жаңа компанияның теңгеріміне өтеді дейді.

НҰРБОЛ ЕСЕНБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


АЖК-ға өткізу үшін линияны біз жаңартқанбыз. Лицевой счет ашу үшін бірінші линияны жаңартып береміз, сосын қарызды халық полный өтегеннен кейін Ажк-ға өткізу біздің бірінші  ұстанымымыз сол.


Ал, жарыққа жауапты ресми компания тұрғындардың қарыздан құтылуына бір ай уақыт берген.  Енді оның екі аптасы ғана қалды.

ДИАНА НҰРБАҚОВА, «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ «ЭНЕРГОСБЫТ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАБДЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Осы 16479 шарты бойынша толық төлем жасалмаған. Ай сайын ол кісілерге төлемге сумма ұсынылады. Ол төлемді ай сайын төлеуге міндетті. Ал аталған шарт бойынша төлем уақытында төленбегеннен кейін 29 сәуірде өшіру туралы хабарлама жеткізілді.


Бұл дерек аудандық полиция басқармасында тіркелген. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесі бойынша заңнама талаптарына сәйкес түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.