$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» ордені табысталды

13.05.2025ж. 20:00
156
Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» ордені табысталды

Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» ордені табысталды. Президент Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, оның жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын.